«Шымкент - Цирк» қызметкерлеріне кәсіби құрмет көрсетілді

«Шымкент - Цирк» қызметкерлеріне кәсіби құрмет көрсетілді

Шымкент қаласындағы кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Бұл іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент – Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері шақырылды.

Мерекелік шараны кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов ашып, ел тарихындағы маңызды күн — Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуымен қатысушыларды құттықтады. Ол өз сөзінде цирк қызметкерлерінің мәдениет саласына қосқан үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысының мақсат-міндеттері мен оның еңбек адамын қолдау жолындағы бастамалары жайлы кеңінен тоқталды.

Кәсіподақ атынан бірқатар қызметкерлер кәсіби жетістіктері мен адал еңбектері үшін арнайы марапаттарға ие болды:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен оркестр әртісі Серік Құттыбайұлы Аппазов пен кәсіпорын директорының орынбасары Сұлтанхан Сарсенханұлы Аманов;

  • «Құрмет грамотасымен» хореограф Закира Сүлейменқызы Намазбаева мен билет кассирі Перизат Жаңабекқызы Қамшыбекова;

  • «Алғыс хатпен» комендант Жасмина Сабырқызы Жүніспаева және цирк әртісі Нұржан Ниязәліұлы Сапарбеков марапатталды.

Марапаттау рәсімі салтанатты және жылы атмосферада өтті. Марапат иелері өз алғыстарын білдіріп, кәсіподақ тарапынан көрсетілген ілтипат пен қолдаудың маңызды екенін атап өтті. Бұл шара тек құрмет көрсету емес, сонымен қатар шығармашылық ұжымның еңбекке деген ынтасын арттыру мен алдағы жұмыстарына серпін беру болды.

«Шымкент – Цирк» ұжымы қала халқының мәдени тыныс-тіршілігінде ерекше орын алады. Артистердің, техникалық қызметкерлер мен ұйымдастырушылардың үйлесімді еңбегі арқасында түрлі жанрдағы қойылымдар көрермен көңілінен шығып келеді. Сол себепті де олардың еңбегінің бағалануы – әділеттілік пен еңбекке құрметтің көрінісі.

Мұндай шаралар кәсіподақ пен қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұжымда ынтымақтастық пен ұйымшылдықты арттырады. Сондай-ақ, кәсіподақтың әлеуметтік қорғау, еңбек қауіпсіздігі, заңды кеңес беру сынды бағыттардағы жұмыстары да жоғары бағаланып отыр.

Болашақта да кәсіподақ ұйымы мәдениет саласы қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жалғастыратынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...