Шымкентте өндіріс күшейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда

Шымкентте өндіріс күшейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда

Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, көгалдандыру және жергілікті кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың жұмыс сапары барысында Қаратау, Әл-Фараби және Еңбекші аудандарындағы бірқатар маңызды нысандар араланып, нақты тапсырмалар берілді.

Қаратау ауданындағы Суханов көшесінде жүргізіліп жатқан шұңқырларды жамау жұмыстары және Алтынсарин көшесін қайта жаңарту жобасы қала ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған. Алтынсарин көшесі қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын «Тұран» шағынауданымен байланыстырып, Бәйдібек би даңғылындағы көлік ағынын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл — көлік жүктемесін азайтып қана қоймай, қала тұрғындарының күнделікті қозғалысын анағұрлым ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Мердігер ұйымдарға жол инфрақұрылымын сапалы аяқтаумен қатар, аумақты көгалдандыру мен автоматты суару жүйесін енгізу бойынша да тапсырмалар жүктелді.

Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласында салынатын жаңа сквер жобасы да әкім назарына ұсынылды. Бұл қоғамдық кеңістік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асырылады. Қоғамдық демалыс орындарының көбеюі қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастырып, әлеуметтік байланысты нығайтады. Аталған жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау міндеті жауапты тұлғаларға жүктелді.

Еңбекші ауданында әкім жеке кәсіпкер Әлімтаевқа тиесілі «KEMEL DAN» сауда маркасымен ұн және макарон өнімдерін өндіретін цехтарға барып, өндірістік процеспен танысты. Мұнда тәулігіне 120 тоннаға дейін бидай өңделіп, 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл кәсіпорын өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Қала басшысы кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру және өнімін нарыққа шығаруда әкімдік тарапынан қолдау болатынын атап өтті.

Сондай-ақ «Pioner Grain Products» ЖШС-нің өндірістік қызметі назарға алынды. Бұл кәсіпорын ұн, кондитерлік өнімдер мен ішкі есіктер шығару бағытында жұмыс істейді. Кәсіпорында 237 тұрақты жұмыс орны бар, ал тәуліктік өндірістік қуаты 500 тонна бидайға дейін жетеді. Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы мұндай кәсіпорындардың жұмысын күшейту көзделіп отыр.

Шымкент қаласында атқарылып жатқан бұл шаралар қала өмірінің түрлі салаларын қамтып отыр. Инфрақұрылымды жақсарту, көлік қозғалысын жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдау және жасыл аймақтарды көбейту арқылы тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатына жету жолында нақты қадамдар жасалуда. Қаланың стратегиялық бағытта дамуы осындай жергілікті жобалар мен бастамалар арқылы жүзеге асуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...