Отбасыны қолдау орталығының маңызы және әлеуметтік қолдаудың жаңа жүйесі

Отбасыны қолдау орталығының маңызы және әлеуметтік қолдаудың жаңа жүйесі

Шымкент қаласында халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның айқын мысалы – «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметі. Биылдан бастап орталық FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істеп, отбасыларға көрсетілетін көмектің тиімділігін айтарлықтай арттырды. Бұл жүйе дағдарысқа тап болған жанұялардың мәселелерін жедел анықтап, оларды шешуге дер кезінде ықпал етуге мүмкіндік береді.

FSM Social жүйесінде бүгінде 242 мемлекеттік мекемеден 1 300-ден астам қолданушы тіркелген. Жобаның енгізілгеніне небәрі сегіз ай болса да, орталық 6 900-ден астам отбасына 10 500 қызмет түрін ұсынды. Оның ішінде әлеуметтік кеңес, психологиялық қолдау, заңгерлік көмек және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы қызметтер бар. Жаңа жүйенің тағы бір артықшылығы – барлық ақпараттың бір дерекқорда жинақталуы. Бұл мемлекет пен азамат арасындағы байланысты жеңілдетіп, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етеді.

Орталықтың жұмысы тек материалдық көмекпен шектелмейді. Жыл басынан бері 460 адам кәсіби психологпен жеке терапиялық кездесулер өткізді. Бұл отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жанжалдарды азайтуға ықпал етті. Сонымен қатар 213 азаматқа неке бұзу, алимент өндіру, балаға қамқоршылық жасау, тұрғын үй алу, құжат рәсімдеу және әлеуметтік төлемдерге өтініш беру бойынша кеңестер берілді. Мұндай кешенді қолдау әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, азаматтардың өз өмірін қайта құруына серпін береді.

Отбасыларды қолдауда тұрғын үй мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 27 ана пәтер алып, әлеуметтік жағдайын жақсартты. Орталық мамандары «Отбасы банк» АҚ-мен және тұрғын үй басқармасымен бірлесе жұмыс істеп, 2 000-нан астам әйелге құжат рәсімдеу бойынша кеңес берді. Бұл шаралар «2029 жылға дейінгі халық кірісін арттыру бағдарламасының» мақсаттарымен үндес келеді.

Әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі – аналарды кәсіби оқыту. Орталық көпбалалы және тұрмысы төмен әйелдерге арналған тегін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда 861 ана тігін, қолөнер, компьютерлік сауаттылық, SMM, шаштараз және логопед-дефектолог мамандықтары бойынша білім алуда. Оның 197-і оқуды аяқтап, жаңа кәсіп иесі атанды. Бұл әйелдердің еңбек нарығына енуіне, өз кәсібін ашып, табыс табуына жол ашады. Жаңа дағдыларды меңгеру – кадрларды даярлаудың жаңа моделінің нақты көрінісі.

Орталықтың қызметі отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу ісіне де бағытталған. Жыл басынан бері полиция инспекторларының жолдауымен 350-ден астам адам орталыққа келіп, психологтар мен заңгерлердің көмегіне жүгінді. Оның нәтижесінде 86 отбасы қайта татуласып, жанұяларын сақтап қалды. Бұл тек әлеуметтік қолдау ғана емес, еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеудің де маңызды жолы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...