Әйелдер ақпараттық технологиялар саласына жоғары қызығушылық танытып жатыр

Әйелдер ақпараттық технологиялар саласына жоғары қызығушылық танытып жатыр
Қазақстан жедел цифрлану жолына түсті. Мемлекеттің стратегиясы және Президент қойған мақсаттарға сай, біздің ел үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін әйелдердің де жаңа білім экономикасына кеңінен қосылғаны маңызды. Егер әйелдер цифрлық экономикада, жасанды интеллектіні қолданып, табыс табуды үйренсе, олар отбасын көбірек қолдай алады, балаларының біліміне көбірек инвестиция жасай алады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...

2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның...