«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі іске қосылды

«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі іске қосылды

Шымкент қаласында жыл басынан бері 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын.

Мемлекет басшысының «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhарда әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған еді.

Осы мақсатта қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін ірі шаруашылықтың бірі - мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген.

Бүгін аталған келісімшарт аясында Нұрсәт шағынауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекенжайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші нүктесі жұмысын бастады. Әлеуметтік дүкенде ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.

Алдағы уақытта шаруа қожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік дүкендер санын арттыру, бағаны тұрақтандыру шаралары қала әкімінің тікелей қадағалауында тұрғанын айта кетейік, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...