Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...