«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімді және ашық диалог орнату болды.

Акция барысында қала тұрғындарына қала әкімдігінің бөлім басшылары, прокуратура, полиция, әділет органдары, сот және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар кәсіби заңгерлер мен адвокаттар тегін құқықтық кеңес берді.

Тұрғындар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша нақты жауап алып, заңдық тұрғыда дұрыс бағыт алу мүмкіндігіне ие болды.

Акция аясында заң саласының мамандары азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және жер қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халыққа жақындығын арттыруға бағытталған.

«Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын тауып, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...