Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды

Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды

Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет сарайында жаңа кәсіби театр ашылды. Маусым ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасымен басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қойылымның режиссері – Бибіажар Дихан, ол екібастұздық көрерменге «Танакөз» спектаклімен таныс. Бұл қойылым көрерменге махаббаттың құнын, адам жанының тереңдігін, шынайы сезімдердің сұлулығын және тағдыр драмасын поэтикалық тіл арқылы жеткізуді мақсат етеді.

Театр ұжымына Қазақстанның түрлі  аймағынан 12 кәсіби әртіс шақырылды. Театр қысқа уақыт ішінде бірнеше қойылымды сахналап үлгерді. Солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Әділет Ақанов.

Қойылымның ерекшелігі – рөлдерді кәсіби актерлермен қатар қала тұрғындары сомдады. Сахнада олардан  бөлек шығармашылық ұжымдардың өкілдері де өнер көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...