«Іле-Балқаш» резерватына Нидерландтан екі жолбарыс жеткізілді

«Іле-Балқаш» резерватына Нидерландтан екі жолбарыс жеткізілді
Қазақстан Республикасында реинтродукция бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, яғни бұрын жойылып кеткен түрлердің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылдануда. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – экожүйелік байланыстарды нығайту, табиғи кешендердің тұрақтылығын арттыру және биологиялық алуантүрлілікті қамтамасыз ету. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде жолбарыстарды жерсіндіру процесі жайында ақпар берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап...