Қазақстанға жеткізілген Пржевальский жылқыларының алғашқы тобы табиғи ортаға жіберілді

Қазақстанға жеткізілген Пржевальский жылқыларының алғашқы тобы табиғи ортаға жіберілді
Қазақстанда Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг және Берлин хайуанаттар бақтары, сондай-ақ Венгрияның «Хортобадь» ұлттық паркімен серіктестікте жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы алғашқы ынтымақтастық жөніндегі келісімдер 2023 жылы қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап...