Абай ауданының әкімі көпқабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалады

Абай ауданының әкімі көпқабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалады

Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жүргізді. Мердігер мекемелерге тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Мұнда тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелген көп қабатты тұрғын үйлер де бүгінгі таңда нәтиже беруде. Мәселен, тұрғын үйлердің қасбетін реттеп, күтіп ұстау жұмыстарын тұрғындар өз есептерінен жүргізуде.

Жалпы аудан бойынша мүлік иелерінің бірлестігіне 42 үй тіркелсе, 90 үй жай серіктестікке тіркелген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстар күнделікті жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...