Шымкент: қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші артуда

Шымкент: қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші артуда

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбековтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Боранбай Нигметұлы қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтты.

– Қазіргі таңда қалада 81 елді мекеннің 5 елді мекені (Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап) кестемен, 7-еуі (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2) тасымалды ауыз сумен, ал 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Биыл аталған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның (о.і. 3 магистралды суаққы, 11 ішкі орамдық жүйе) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 3 магистралды суаққы, тасымалды 7 елді мекен және кестемен 2 елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға өседі, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, Қаратау ауданы бойынша 3 магистралды суаққының (4,48 шқ; 9,37шқ; 10,61 шқ) және 3 шағын ауданда (Тұран, Асар-2, Нұртас), Әл-Фараби ауданы бойынша 2 шағын ауданда (Сәуле, Ақтас), Абай ауданы бойынша 6 шағын ауданда (Ынтымақ-2, Батыс-Жаңатұрлан, Жаңаталап, Солтүстік саяжай, Құрсай 1 этап, Құрсай 2 этап) ішкі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы жылы Қаратау мен Әл-Фараби аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал жыл қорытындысымен Абай ауданындағы 5 шағын ауданда (Ынтымақ-2, Батыс-Жаңатұрлан, Жаңаталап, Солтүстік саяжай) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілсе, 1 шағын аудандағы (Құрсай 1 этап, Құрсай 2 этап) құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болмақ, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...