Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Анам сенсің, туған жер» атты мерейтойлық концерт өтті

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Анам сенсің, туған жер» атты мерейтойлық концерт өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Орталық концерт залында, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, көрнекті күйші-композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Анам сенсің, туған жер» мерейтойлық концерті өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлы композитордың мерейтойы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ сияқты халықаралық ұйымдар деңгейінде де аталып өтті.

Мерейтойлық бағдарламада көрермен қазақ музыкасының алтын қорына енген Нұрғиса Тілендиевтің өшпес туындыларын тыңдап, ерекше әсер алды. Концерт барысында композитор шығармаларының классикалық интерпретациялары да, оның туындыларының тереңдігін айқындайтын жаңа көркемдік нұсқалары да ұсынылды.

Нұрғиса Тілендиев қазақ музыка өнерінің тарихында айрықша орын алады. Ол – 500-ден астам шығарманың авторы, отандық композиторлық мектептің дамуына ықпал етіп, қазақ музыкасының ұлттық бейнесін қалыптастыруға зор үлес қосқан бірегей тұлға. Аталған концерт Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...