«Ұлағат» шағынауданындағы кәріз жүйесі

«Ұлағат» шағынауданындағы кәріз жүйесі

Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Ұлағат» шағынауданындағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын қадағалап, мердігер мекеме «Алем Строй-1» ЖШС-нің құрылысқа жауапты өкіліне қауіпсіздік шараларын басты назарға алуды және жұмыстарды сапалы атқарумен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Шағынауданда жалпы ұзындығы 40,9 шақырым кәріз құбыры тартылады, қазіргі таңға 2021 жылға жоспарланған 12 шақырым құбырдың 8 шақырым тартылды. Кәріз құбырын тарту жұмыстары Ақсарай, Ұлар, Заңғар, Балбұлақ, Еділ, Қызылшоқы, Қызылшілік, Қышбөгет көшелерінде жүргізілуде. Одан бөлек, Шаяхметов көшесімен «Солтүстік-Шығыс» шағынауданындағы Кербұлақ, Үшөзен, Ақша тау, Ақшоқы көшелерінде кәріз жүйесі жүргізілуде. «Мирас» шағынауданына да кәріз жүйесін тарту жұмыстары басталуы күтілуде.

Аудан басшысы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандарына аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандарымен бірлесіп құрылыс жұмыстарын қадағалауды және тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды....