Желтоқсан: нарықты азық-түлікпен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту және жаңа жыл алдындағы жәрмеңкелер

Желтоқсан: нарықты азық-түлікпен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту және жаңа жыл алдындағы жәрмеңкелер

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы және желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қарашаның алғашқы үш аптасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі 0%-ды құрады. Желтоқсан – дәстүрлі түрде  тұтынушылық сұраныс артатын кезең. Жиынға қатысушылар супермаркеттер мен базар сөрелерінде сұранысы жоғары тауарлардың жеткілікті болуы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шаралар кешенін талқылады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту туралы жобаны әзірледі. Тізім бағасы жиі құбылатын тауарлармен толықтырылды. Құжат келісу сатысында. Жақын күндері бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен егжей-тегжей талқылаулар өткізіледі.

Өңірлердегі жәрмеңкелер және «Береке fest» акциясы

Өңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда: биыл 5 мыңнан астам жәрмеңке өтті және олар демалыс сайын ұйымдастырылып отырды.

Желтоқсан айында сауда желілерімен бірлесіп, республикалық «Береке fest» акциясы қайта өткізілмек. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тауарлардың кең таңдауын қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында жаңа жыл алдында жәрмеңкелер ұйымдастырады.

Азық-түлік импорттаушыларымен жұмыс

Импорттық азық-түлікке деген маусымдық жоғары сұранысты ескере отырып, Сауда комитеті ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерінің пулын қалыптастырды. Жақын уақытта олармен желтоқсан айында сұранысы жоғары тауарлардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өтеді.

Баға мониторингі кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, баға мониторингін тұрақты жүргізуді және жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...