Акмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты

Акмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты

Биылғы орақ науқаны соңғы жылдардағы ең нәтижелі науқандардың бірі болып, Акмола облысын астықтың жалпы жиналымы бойынша еліміздің көшбасшылары қатарына шығарды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Орташа өнімділік 16,3 ц/га болып, облыста 7,6 млн тоннадан астам астық бастырылды. Жиналған астықтың 70%-дан астамы үшінші санат талаптарына сай келеді, бұл өңірдің дәстүрлі және жаңа экспорттық бағыттардағы позициясын күшейтеді.

Қазақстандық селекциядағы «Ақмола-2», «Астана-2» және «Айна» тұқымдары қолданылған шаруашылықтарда орташа өнімділік гектарына 30 центнерден асты, ал «Максимовское» ЖШС-де 41,2 ц/га-ға жетті. Жоғары көрсеткіштерге минералды тыңайтқыштарды, элиталық тұқымдарды және өсімдікті қорғау құралдарын кеңінен қолдану есебінен қол жеткізілді.

Акмола облысы егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша да көшбасшылар қатарында. Биыл майлы дақылдар алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жетті – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыста 1 триллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 1,2 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің терең өңдеу үлесін арттыру мақсатында халықаралық қатысумен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – әлемдік Dalian Hesheng Holdings холдингі тарапынан жүзеге асырылатын астықты терең өңдеу зауытының құрылысы. Шетелдік инвестициялар көлемі $1,8 млрд, өңдеу қуаттылығы жылына 3 млн тоннаға дейін жетеді. Жобаны 2028 жылы іске қосу жоспарлануда.

Биылғы қазан айында Шортанды ауданында Hopefull Grain компаниясының тағы бір астықты терең өңдеу кешенін салу жөнінде стратегиялық келісімге қол қойылды. Инвестиция көлемі – $1,5 млрд.

Есіл ауданында бидайды өңдеу және жем өндіру зауыттарын, сондай-ақ элеватор мен құрама жем зауытын салу жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...