Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.

Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...