Түркістан облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі, «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және «Қазсушар» РМК мамандарынан құралған жұмыс тобы Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Созақ және Отырар аудандарында жаңа биллинг ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізуді бастады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Мамандар шаруалармен, канал басшыларымен және су пайдаланушылар бірлестіктерінің өкілдерімен кездесіп, жаңа жүйенің жұмыс қағидаларын таныстырып жатыр. Сонымен қатар пилоттық аудандарда туындаған техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер шешіліп, су есебі мен қызмет көрсету процесін цифрландыруға біртіндеп көшу қамтамасыз етіліп жатыр.

Жүйенің негізгі мақсаты – құжат айналымын және фермерлер мен су пайдаланушылардың суаруға су беру жөніндегі өтініштерін толығымен цифрлық форматқа көшіру. Цифрлық платформа сондай-ақ онлайн түрде төлем жүргізуге және көрсетілген қызметтер бойынша орындалған жұмыс актілерін алуға мүмкіндік береді.

Жүйе Бірыңғай жер кадастрымен, салық жүйесімен және Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесімен интеграцияланады. Бұл пайдаланушылардың қатысуынсыз барлық қажетті деректерді автоматты түрде алуға жағдай жасайды. Өтініштер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бірнеше минутта ресімделеді, ал электронды келісімшарт су беру кезегін автоматты түрде анықтайды. Төлемдер мобильді қосымшалар немесе интернет-банкинг арқылы жүзеге асырылады. Барлық құжат пен қаржылық операция пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

«Цифрлық биллинг платформасын енгізу су шаруашылығы процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Жүйе су беру және тұтыну көлемдерін нақты бақылауға, сондай-ақ су ресурстарын тиімді жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...