Қызметтік иттер – қауіпсіздіктің сенімді қалқаны

Қызметтік иттер – қауіпсіздіктің сенімді қалқаны

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті назар мен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта полиция қызметінің әрбір саласы өз үлесін қосып, жүйелі жұмыстар атқаруда. Солардың бірі – кинология қызметі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде Абай облысында 21 қызметтік ит түрлі бағытта арнайы дайындықтан өткен. Есірткі заттарын анықтауға үйретілген қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылып, заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл көрсеткіш - кинолог мамандардың кәсіби біліктілігі мен қызметтік иттердің үздіксіз дайындығының нәтижесі.

Сонымен қатар жарылғыш заттарды іздеуге мамандандырылған қызметтік иттер қала және аудан орталықтарында орналасқан 376 мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныш әрі тұрақты қоғамдық ортаны сақтауға бағытталған.

Кинология қызметінің жұмысы – көп жағдайда көзге көріне бермейтін, алайда аса маңызды бағыттардың бірі. Қызметтік иттер мен кинологтардың өзара үйлесімді әрекеті, үздіксіз дайындық пен жауапкершілік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігіне айналып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...