Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды

Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды

Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын.

Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі.

Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...