Редактор «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген Ел тұрғындары «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 103,5 мың азамат өтініш білдіріп, партия мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың басшылары 19,8 мың қабылдау өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны Р.Розиев партияға Тұрдыабад тұрғын алабында жолдың жоқтығына шағымданды. «Nur Otan» партиясының Еңбекші аудандық филиалы бұл шағымды жедел назарға алып, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзім ішінде жалпы ұзындығы 2,9 км болатын жолға асфальт төседі. Партия алаңында онлайн форматта өткен қабылдау барысында Алматы қаласының тұрғыны Е.Әділбеков Ақжар шағын ауданындағы Лашын және Берел көшелеріне инженерлік желілер жүргізу мәселесін көтерді. Қала әкімдігінің өкілдері аталған көшелерге сумен жабдықтау желілері биыл салынып, ал су бұру желілерінің құрылысы келесі жылдың жобасына енгізілетінін айтып сендірді. Сондай-ақ, Алматы қаласында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдаған нұротандықтар 3 топтағы мүгедек, жалғызбасты ана Р.Мырзалиеваға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Жалғызбасты ананың тұрып жатқан жатақханасында ылғалдың салдарынан қабырғалары көгеріп, ыза тартқан. Оның баспанасына партия мүшелерінің көмегімен 1 млн теңгеден астам қаражатқа электр монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысы Б.Майлин ауданындағы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әйет ауылының тұрғындары 10 жылдан астам асфальт төселмеген Омаров көшесін абаттандыру мәселесін алға тартты. Партия мүшелерінің араласуынан кейін ауылдағы аталған көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысының Балқаш қаласында бағбандық және саяжай қоғамының 45 мүшесі желідегі апат салдарынан үзіліп қалған электр энергиясын қосуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Нәтижесінде осы жылдың 27 шілдесінде коммуналдық кәсіпорын электр беру желілеріндегі апатты жою бойынша барлық шараларды қабылдап, бағбандық және саяжай қоғамы электр желісіне қосылды. Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты. Бүгінде 103,5 мың өтініштің 43%-ы жедел шешіліп, 54%-ы бойынша консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді, қалған 3%-ы орындалу үстінде. Алдыңғы жаңалық «Nur Otan» партиясының Жол картасын іске асыру Үкіметтің ерекше бақылауында - Асқар Мамин Келесі жаңалық «Caravan of Knowledge» ұжымдық қоры STEAM SARVARLAR cтелласын табыстады. 40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Play «Мен тасада қала бастадым»: Димаш Құдайбергеннің продюсері ретінде танылған Алпамыс қазір қайда жүр? Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда Құрылыста отандық өнімнің үлесі басым Сіз білесіз бе?
Нуралхан Кушеров: «Мы гордимся трудолюбивым народом Мактаарала» Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с жителями Мактааральского района. В ходе встречи глава региона остановился на приоритетах,...
Нұралхан Көшеров: «Мақтааралдың еңбекқор халқымен мақтанамыз» Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...
Поручение Президента: в Жетысайском районе Туркестанской области открылся современный хлопковый завод Глава государства Касым-Жомарт Токаев в Послании народу Казахстана поручил развивать регионы, привлекать инвестиции, поддерживать...
Президент тапсырмасы: Түркістан облысы Жетісай ауданында заманауи мақта зауыты ашылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл...
Нуралхан Кушеров ознакомился с производственными и индустриальными проектами в Жетысайском районе Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров в ходе рабочей поездки в Жетысайский район ознакомился с работой предприятий, расположенных в...
Нұралхан Көшеров Жетісай ауданындағы өндірістік және индустриялық жобалармен танысты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында өндірістік парк пен индустриялық аймақта орналасқан...