Қаратау ауданында карантиндік шектеу шаралары күнделікті бақылауда

Қаратау ауданында карантиндік шектеу шаралары күнделікті бақылауда

Қаратау ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған құрамында аудан әкімі аппаратының мамандары, полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бар мобильді топ мүшелері карантин талаптарын сақтау бойынша күнделікті рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.

Рейд барысында мобильді топ мүшелері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің қатаң сақталуына, жұмыс уақытының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасауда.

Аудан аумағында барлығы 989 кәсіпкерлік объектілері орналасқан болса, оларда күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Баршамызға белгілі коронавирис инфекциясы салдарынан қаламыздағы ахуал күн санап күрделенуде. Мобильді топ мүшелері күндізгі және түнгі рейд шарасын күделікті жалғастыруда. Аталған топтың үздіксіз жұмыстарының нәтижесінде бүгінде аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын толықтай сақтап, шектеулі уақытта жұмыстарын тоқтатуда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарда орын алған кемшіліктерге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды....