«ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

«ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

Шымкент қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама жарық көрді. Бағдарламаның басты мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, елге елеулі қоғам қайраткерлері, дара тұлғалармен қатар өмірге құштар өнерлі, дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу кештерін ұйымдастыру, сұхбаттар өткізу және кітапхана имиджін көтеру.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің рухани дамуына елеулі үлес қосып, еңбек сіңірген мәдениет, әдебиет, өнер саласының өзіндік орны бар тұлғалармен кездесу арқылы зағип жандар өмірге құштарлығы артып, алға ұмтылары сөзсіз. Бағдарламаны тізгіндеп, ұйымдастыруға жауапты – «Ерекше жандар», «Шалқар шабыт» айдарларының жүргізушісі, арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев.

«Ізгілік мекені» телевизиялық жобасы кітапхана ғимаратында екі аптада бір рет жарыққа шығып отырады. Бағдарлама еркін форматта сұхбат ретінде өткізіледі. Бағдарлама уақыты – 20 минут.

Бүгін кешкі сағат 20.30-да «ОҢТҮСТІК» телеарнасының «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» телебағдарламасында кезекті шығарылым көрермен назарына ұсынылмақ. Кеш қонағы – белгілі жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы. Әдемі кешті назардан тыс қалдырмай тамашалауға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...