Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі

Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі

Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті. Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді.

Аталған бағдарламаның мақсаты - оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер сұранысқа ие.

Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі.

Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, кәсіптерін дамытып отыр.

Солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша Бәйдібек би даңғылы, 32 А ғимараты, «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығынан қосымша ақпарат алуға болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...