Үкіметте Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Павлодар облысының әлеуметтік саласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға әлеуметтік блокқа жетекшілік ететін салалық министрліктердің басшылары мен облыс әкімі Асайын Байханов қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Өңірде қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар, шешімін күтетін мәселелер де бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында медициналық кадрларды даярлауды күшейту және халықпен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажетіне назар аударылды. Оның ішінде вакцинацияға қатысты медиажоспар әзірлеу міндеті белгіленді.

Білім беру саласында орта білім сапасын арттыруға, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін күшейтуге басымдық берілді. Бұл ретте өңірдің инклюзивті білім беруді дамытудағы жоғары көрсеткіштерін сақтау маңызды екені атап өтілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бағыты бойынша әлеуметтік келісімшартты іске асыру, әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеуі және көші-қон саясатына қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі және туризм мәселелері талқыланды. Баянауыл курорттық аймағы жыл сайын есептік мүмкіндіктерінен асатын көлемде демалушыларды қабылдайтыны айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева облыс әкімдігіне әрбір бағыт бойынша нақты шаралар қабылдауды, қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты күшейтуді, мамандардың біліктілігін арттыруды және кадр тапшылығын кезең-кезеңімен төмендетуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...