Жаңа Конституция жобасы: реформадан – тұрақты дамуға

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ел өміріндегі бетбұрысты кезеңді айқындайды. Бұл бастама мемлекеттің егемендігін нығайтуға, басқару жүйесін заман талабына сай қайта құруға және қоғам дамуының сапалы жаңа бағытын қалыптастыруға негізделген.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірлеген жоба құрылымдық тұрғыдан ауқымды. Құжат Преамбуладан, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Конституция мәтініне «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, төрт бөлімнің атауы жаңартылған. Нәтижесінде Ата Заңның 77 бабына түзету енгізіліп, негізгі мазмұнның 84 пайызы жаңарған. Бұл өзгерістер Конституцияны формалды түзету емес, жүйелі әрі терең реформалау мақсатын көздейтінін көрсетеді.

Жаңа редакцияда Қазақстан унитарлы мемлекет әрі басқару нысаны президенттік республика екені нақты бекітілді. Егемендік пен аумақтық тұтастық мемлекеттің басты әрі мызғымас құндылықтары ретінде айқындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы екені нақты жазылып, халықтың ел басқару ісіне тікелей қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді. Осы тұрғыда «республикалық референдум» ұғымының «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілуі демократиялық институттарды күшейтудің маңызды тетігі саналады.

Аталған конституциялық өзгерістердің бастамасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген болатын. Онда елдің саяси жүйесін жаңғырту, цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде ұлттық дамуға жаңа серпін беру қажеттігі атап өтілген еді.

Жаңа Конституция жобасының өзегінде адам құқығы мен бостандығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастыру мәселелері тұр. Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтық қоғамның ықпалын күшейтуге ерекше басымдық берілген.

Құжатта білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі тіректері ретінде айқындалады. Цифрлық трансформацияны жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капитал сапасын арттыру – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде қарастырылады. Бұл бағыттар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасының жария түрде ұсынылуы мен қоғамдық талқыға шығарылуы – халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тарихи қадам. Бұл – білімге, ғылымға және инновацияға сүйенген, әділетті әрі заманауи Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды бастама.

Watch the video

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...