Қала әкімі орталық су спорт кешеніне барды

Қала әкімі орталық су спорт кешеніне барды

Шымкент Орталық су-спорт кешені Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі 2в мекенжайында орналасқан. Мұнда жүзуден оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстар өтеді.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов спорт кешенінің жұмысымен танысты. Қалада жастар арасында жүзу мен гимнастика кең тарағанын айтқан шаһар басшысы мұндай спорт кешендерін көптеп салу қажеттігін жеткізді.

Орталық су кешенінің жалпы ауданы 5555 шаршы метр. Жүзу алаңы, асхана, медициналық кабинет, тренажер залы, 2 киім ауыстыратын бөлме, 725 көрерменге арналған орындық бар. 2012 жылы пайдалануға берілген.

Сегіз жүзу жолағы бар. Бір мезетте 96 спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар.

Қала басшысы су кешеніне келушілер үшін, әсіресе мектеп оқушылары үшін жеңілдетілген тарифтер қарастырып, санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...