Астанада конституциялық реформаларға азаматтық қоғамның қатысу тетіктері талқыланды

Астанада конституциялық реформаларға азаматтық қоғамның қатысу тетіктері талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға Парламент депутаттары, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және азаматтық альянстардың көшбасшылары қатысты.

Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, оларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі, сондай-ақ саяси-құқықтық жаңғыру үдерістеріне қоғамдық қатысудың тиімді тетіктері жан-жақты талқыланды.

Отырыс аясында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілі Бану Нұрғазиева сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерге жауап беретін, ел дамуының стратегиялық бағытына сай Мықты әрі Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік құқықтық негізіне айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың қатысу аясын кеңейту және заң шығару үдерісінің ашықтығын арттыру мәселелері қозғалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша демократиялық институттарды нығайтуға және реформаларды іске асыруда сындарлы қоғамдық қатысуды дамытуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...