Мектептер межелі мерзімде аяқталуы тиіс

Мектептер межелі мерзімде аяқталуы тиіс

Үшінші мегаполисте жаңа оқу жылында білім беру мекемелерінің саны артады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан жаңа мектептердің жұмысын көрді.

«Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылдың қараша айында басталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «АРТ-құрылыс» ЖШС. Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің де құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Жаңа Арна – 2002» ЖШС салып жатқан нысанның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге. Нысан құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған.
Қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусының да құрылыс барысымен танысты. Қазір мұндағы жұмыстар «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Білім беру нысандарының жұмысын аралап көрген қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...