Зайырлы мемлекет – теңдік пен тұрақтылық кепілі

Зайырлы мемлекет – теңдік пен тұрақтылық кепілі

Жаңа Конституция жобасының 1-бабы мемлекеттің мәні мен бағытын айқындайтын іргелі норма болып табылады. Бұл бапта Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты көрсетілген. Аталған ұстанымдар ел дамуының негізгі қағидаттарын білдіреді.
Демократиялық мемлекет – халық билігінің үстемдігін мойындайтын жүйе. Зайырлы мемлекет – дін мен мемлекеттің қызметі ажыратылған, ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген құрылым. Құқықтық мемлекет – заң үстемдігі орныққан, баршаға ортақ талаптар әділ сақталатын орта. Әлеуметтік мемлекет – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізетін мемлекет.
Баптың ең маңызды тұсы – мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп танылуы. Бұл қағида мемлекеттік шешімдердің, заңдардың және реформалардың барлығы адам мүддесіне сай қабылдануға тиіс екенін білдіреді. Яғни, мемлекет адам үшін қызмет етеді, ал адамның құқығы мен өмірі кез келген саяси немесе экономикалық мүддеден жоғары тұрады.
Осылайша, 1-бап елдің конституциялық негізін айқындап қана қоймай, бүкіл құқықтық жүйенің бағытын белгілейді. Адамды ең жоғары құндылық деп тану – әділетті, тұрақты және өркениетті қоғам қалыптастырудың басты шарты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Талдыкоргане на площадке Палаты предпринимателей «Атамекен» состоялась встреча с активом области Жетісу, организованная в рамках работы...

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...