Шымкент: Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша кездесу өтті

Шымкент: Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша кездесу өтті

Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр НарымбетовӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бахадыр Мәделіұлы баяндамасын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім мен ғылымға айрықша мән беріліп, адами капитал мемлекет дамуының басты факторы ретінде айқындалған. Сонымен қатар жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.
Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Жиында аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылған. Аудандағы 931 көпқабатты тұрғын үй 628 аулаға біріктірілген.
Кездесу соңында мәслихат төрағасы мен аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...