Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім мен интеллектке басымдық

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім мен интеллектке басымдық

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында ел дамуының жаңа бағыты ретінде білім мен интеллектке басымдық беру айқын көрсетілді. Бұл өзгеріс мемлекеттің дамуындағы маңызды бетбұрыс кезеңін білдіреді. Ендігі кезеңде Қазақстанның болашағы тек минералды ресурстармен ғана емес, ең алдымен адам капиталымен айқындалатыны атап өтілді.

Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация елдің негізгі даму бағыттары ретінде бекітілді. Бұл бағыттар қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға, ғылыми жетістіктерді қолдауға және ұлттық мәдениетті дамытуға негіз болады. Аталған басымдықтар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар инновациялық дамуға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект дәуірінде елдің дамуы жаңа технологияларды енгізумен және зияткерлік әлеуетті арттырумен тығыз байланысты екені көрсетілді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның заманауи талаптарға сай дамуына және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады.

Осылайша, жаңа Конституцияда білім мен интеллектке басымдық беру – елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық шешім болып табылады. Бұл бағыт адам капиталын дамытуды негізгі құндылық ретінде айқындап, мемлекеттің болашағын зияткерлік әлеуетпен байланыстырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...