Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында энергетика және телекоммуникация салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы қарастырылды.

Президенттің айтуынша, газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ықпалдастықтың негізі саналады. Бұл бағыттағы ауқымды жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысына PIH компаниясының телекоммуникация нарығындағы қызметін кеңейту жоспары баяндалды. Холдинг мұны Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу келісімшарты аясында іске асырмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания осы арқылы телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғыртуға, қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті мен PIH компаниясының басшылары өзара ықпалдастықты одан әрі жандандырып, перспективті инвестициялық жобаларды іске асыруға бейіл екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...