Іс-шара өңірдің барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылып, балалардың құқықтарын қорғауға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Акцияға облыс әкімдігі, Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы, нотариустар, адвокаттар, заң консультанттары, сондай-ақ 130-дан астам мемлекеттік орган өкілдері, 100-ден астам жұмыс беруші, 18 оқу орталығы және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Кеңес алу және жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап 1800-ден астам адам жүгінді.
Облыс бойынша алимент өндіру туралы шамамен 17 мың атқарушылық іс жүргізу орындауда тұр. Берешектің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеден асады, оның ішінде 1 млрд теңгеден астамы проблемалық берешекке жатады. 2025 жылы 382 борышкер жұмысқа орналастырылды (2024 жылы — 186). 2025 жылы 539 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Акцияның негізгі мақсаты — алименттік міндеттемелерді ерікті әрі жүйелі түрде орындауға жағдай жасау.

