Адам құқығы – мемлекеттің ең жоғары құндылығы

Адам құқығы – мемлекеттің ең жоғары құндылығы

«Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Бұл қағида – Қазақстан Республикасы дамуының басты бағдары. Конституциямыз адамды, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін бәрінен биік қояды. Өйткені мемлекеттің қуаты – ең алдымен азаматтарының әл-ауқаты мен еркіндігінде.

Адам өмірінің қорғалуы, құқықтарының сақталуы және бостандықтарының қамтамасыз етілуі – әділетті қоғамның негізі. Заң үстемдігі орнаған жерде сенім бар, тұрақтылық бар, болашаққа нық қадам бар.

«Жаңа Конституция» – әр азаматтың құқығын қорғауға, қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Әрқайсымыз заңды құрметтеп, өз міндетімізді адал атқарсақ, берік әрі біртұтас мемлекет құра аламыз.

Адамға құрмет – елге құрмет.
Құқыққа құрмет – болашаққа сенім.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шара өңірдің барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылып, балалардың құқықтарын қорғауға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарды...

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға...