Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективасы жөнінде әңгімеледі.

– Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан аймақтағы тұрақты әрі экономикасы қарқынды ел саналады. Дегенмен біз қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дәйекті түрде жалғастырып келеміз. 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекетті одан әрі өркендету жолындағы бұл маңызды құжатты халқымыз қолдайды деп ойлаймыз. Жаңа Конституция Қазақстанда қолға алынған іргелі өзгерістерге берік негіз қалап, демократияландыру мен жан-жақты жаңғырту ісіне қомақты үлес қосады, сол арқылы елімізді дамытуда тың мүмкіндіктерге жол ашып, халықтың әл-ауқатын арттырады деген үміттеміз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжіңдер мен қақтығыстар дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.

Кездесу соңында Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Казахстан претендует на роль одного из центров искусственного интеллекта между Европой и Азией. Глава NVIDIA Дженсен Хуанг во время первого визита в...

Казахстанские специалисты все активнее участвуют в создании технологических продуктов, ориентированных на международный рынок. Одним из таких...

Визит основателя и генерального директора NVIDIA Дженсена Хуанга в Казахстан привлек дополнительное внимание к развитию искусственного интеллекта и...

В материале британского международного финансово-аналитического издания Global Banking & Finance Review проект Data Center Valley в Экибастузе рассматривается...

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанды Еуропаның болашақ есептеу орталығы және жасанды интеллект...