Түркістан облысында кәмелет жасқа толған азаматтар референдумда өз таңдауларын жасады

Түркістан облысында кәмелет жасқа толған азаматтар референдумда өз таңдауларын жасады

Түркістан қаласындағы №881 референдум учаскесінде 18 жасқа толған азамат алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл – жас сайлаушының елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға алғаш рет қатысуы. Сондай-ақ, Келес ауданындағы №324 референдум учаскесінде 18 жастағы дауыс беруші өз таңдауын жасады. Биылғы референдумның ерекшеліктерінің бірі – алғаш рет дауыс беретін жастардың көптігі. Түркістан облысы бойынша 37 796 жас азамат алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Сонымен қатар, дәл 15 наурыз күні 135 жас кәмелет жасына толып, референдумда алғаш рет өз таңдауын жасайды.

Бақылаушылардың айтуынша, алғаш рет дауыс беріп жатқан жас азаматтар белсенділік танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетуде. Жас сайлаушылардың референдумға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын аңғартады. Бұл – жастардың ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуға дайын екенін білдіретін маңызды қадам. Мұндай саяси науқандар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...