Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтіп жатыр

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтіп жатыр
Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, 2026 жылғы 15 наурызда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10 388 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 388 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...