Референдум күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған

Референдум күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған
Прокуратура органдары республикалық референдумды өткізу барысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді. ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонында дауыс беру күні үгіт-насихатқа тыйым салынатынын атап өтті.

«Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайды. Мұндай сауал салуды дауыс беру үй жайында және дауыс беру пунктінде жүргізуге де тыйым салынған. Сондықтан заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырамын», – деді Бекжан Қараманов.

Айта кетерлігі, бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

«Референдумға қатысты өтініштерге келетін болсақ. Бұл күндері прокуратура мен соттар оларды дереу қарауға міндетті. Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ. Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтуде. Референдум өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда», – деп түйіндеді Бас прокуратура өкілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...