ҚР ІІМ: дауыс беру учаскелерінде тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ

ҚР ІІМ: дауыс беру учаскелерінде тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ
Осы сағатта жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қазіргі таңда прокуратура органдарына референдумның өтуіне қатысты өтініштер түскен жоқ. Сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеді. Бүгін заңсыз сауал салу және үгіт жүргізу үшін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифингте айтты.

Қадағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев те шара аясында соңғы ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қызметін белсенді атқарып жатыр. Барлық жеке құрам күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. 

«Кез келген жағдайға жедел әрекет ету үшін әр қала мен аудандық полиция бөлімдерінде мобильді жедел тергеу топтары құрылды. Сонымен қатар Референдум учаскелерінің маңындағы аймақтарға бақылау және қадағалау күшейтілді. ІІМ жедел басқару орталықтарының бейне камералары арқылы үнему бақылау жүргізілуде. Министрліктің барлық қызметтері кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын. Әзірге дауыс беру учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш. Қандай да бір өрескел тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...