«Жалпы алғанда, алдын ала бақылауларға сүйене отырып, Қазақстан тарапынан референдум процесін лайықты ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылғанын айтуға болады. Ұйымдастырушылық және техникалық дайындық жоғары кәсіби деңгейде жүргізілген. Сондай-ақ азаматтардың еркін таңдау құқығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық жаңашылдықтар енгізілуде. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы кең аудиторияға ақпарат берілген. Бұл процесс қоғамда және сарапшылар арасындағы талқылаулармен қатар жүріп отырған. Қоғамда ұсынылып отырған конституциялық реформаларға деген қызығушылық жоғары екені байқалады. Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера қалыптасқан. Дауыс беруге жастар белсенді қатысуда», – деді спикер Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Олег Копыловтың айтуынша, бұл азаматтардың қазіргі референдумға ерекше мән беретінін және халықтың, ең алдымен, өз еркін білдіру процесіне деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

