Қазақстан жастары электоралдық науқанға белсенді қатысуда – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

Қазақстан жастары электоралдық науқанға белсенді қатысуда – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты. Қазіргі таңда 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Миссия басшысы оған қызықты болып көрінген бір жаңашылдық туралы айтып өтті. Оның сөзінше, учаскелердің бірінде дауыс беріп шыққаннан кейін жас жігіт қызға үйленуді ұсынған, ал қыз келісімін берген.

«Бұл да Қазақстан жастарының электоралдық науқанға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Айта кетейін, біз қоғамдық бақылаушылардың арасында көбіне жастардың көп екенін байқадық. Жастар шынымен де елдің болашақ дамуына алаңдайды, ойлайды. Менің ойымша, қабылданатын шешім Қазақстанның оң және тұрақты дамуы үшін қабылданады», – деді Игорь Петришенко.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...