Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.

Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында 150-ден астам жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын...