Ата-аналар «Келешек мектептерінің» ауласына көшет отырғызды

Ата-аналар «Келешек мектептерінің» ауласына көшет отырғызды

Қызылорда облысының ата-аналары игі бастама көтерді. Олар “Келешек мектептерінің” аулаларына келіп, жаппай көшет отырғызуда. Бұл шара жай ғана абаттандыру емес, білім ошағының болашағына бағытталған маңызды қадам. Ата-аналар өз балалары оқитын «Келешек мектептерін» арнайы таңдап алып, қолдарына күрек ұстап мектепке келді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ұстаздар қауымы бұл бастаманы жоғары бағалап, тәрбие процесінде ата-аналардың рөлі мен олардың көрсететін жеке өнегесінің маңызы ерекше дейді. Ата-ананың мектеп өміріне белсене араласуы -баланың оқуға деген ынтасын арттырып, ұйымшылдыққа баулиды. Еңбек акциясы мектеп пен отбасы арасындағы рухани байланысты нығайта түсті.

Ата-аналардың «Келешек мектептерін» таңдап алуы да тегін емес. Олар өз қолдарымен егілген әрбір талдың балаларымен бірге бой түзеп, білім ордасының ажырамас бөлігіне айналғанын қалайды. Бұл әрекет арқылы олар өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, еңбекті қадірлеуге және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп жатыр. Және бір жағынан бұл шара ата-аналардың ұстаздардың еңбегіне деген алғысының көрінісіне айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық...

Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті...

Хьюстон (АҚШ) – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов S&P Global компаниясының...