Қазақстан жастары Тазару күніне белсенді қатысты

Қазақстан жастары Тазару күніне белсенді қатысты

Наурыз мейрамы аясында 23 наурыз – Тазару күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде атап өтіліп, оған жастар белсенді атсалысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 2 мың адамды құрады.

Айтулы бастамалардың бірі – экологиялық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Өзіңнен баста» челленджі. Бастаманы «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қолға алып, ол бүкіл ел жастары арасында кең қолдау тауып, барлық өңірді қамтыды.

Сонымен қатар өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамдық кеңістіктер мен Наурыз тойланған орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары табиғи бұлақтар мен су көздерін тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына белсенді қатысты.

Аталған іс-шаралар Наурыз дәстүрінде орныққан тазалық, табиғатқа жанашырлық және экологиялық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде жастардың топтасуының жарқын көрінісіне айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық...

Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті...

Хьюстон (АҚШ) – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов S&P Global компаниясының...