Еуропалық компаниялар басшыларымен елімізде заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын локализациялау мәселесі талқыланды

Еуропалық компаниялар басшыларымен елімізде заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын локализациялау мәселесі талқыланды

Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту шеңберінде Қазақстан делегациясы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге маманданған еуропалық бірқатар жетекші кәсіпорындарда болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, John Deere, Dewulf, Vervaet және Väderstad компанияларында сапарлар ұйымдастырылды. Бұл кәсіпорындар тамыржемістілерді өсіруге арналған жабдықтар, трактор, қызылша жинау және тыңайтқыш енгізу, сондай-ақ тұқым себу мен топырақ өңдеуге арналған техникалар шығарады.

Жұмыс сапары барысында делегация өндірістік үдерістермен танысты және шетелдік кәсіпорындар басшылығымен еліміздің аумағында өндірісті локализациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Кездесулер қорытындысында Қазақстан аумағында заманауи жоғары өнімді техниканың бірқатар түрлерін локализациялау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кәсіпкер күн сайын ондаған шешім қабылдайды. Қандай өнім сатып алу, жарнамаға қанша қаражат бөлу, қызметкер алу немесе жаңа бағыт ашу сияқты...