Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Құжат азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл жүйе халықты толық қамтуды және сапалы медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Тұжырымдама кешенді жүйелі шараларды іске асыруды көздейді. Олардың қатарында интеграцияланған медициналық көмекті дамыту, жаңа буындағы цифрлық шешімдерді енгізу, кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық ғылымды дамыту бар.

Негізгі мақсат – 2029 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, қант диабеті және созылмалы респираторлық аурулар сияқты негізгі инфекциялық емес аурулардан болатын мерзімінен бұрын өлімді төмендету.

Құжат 9 стратегиялық бағытты қамтиды. Олардың ішінде жаңа буындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жоғары технологиялық және дербестендірілген медицинаны енгізу, дәрілік қамтамасыз етуді күшейту және отандық фармацевтикалық саланы дамыту бар.

Жалпы Тұжырымдаманың шеңберінде 168 іс-шара және нысаналы индикаторлар жүйесі көзделген. Олар республикалық және өңірлік деңгейде іске асырылатын болады.

Тұжырымдама жетекші сарапшылардың, ғылыми қауымдастықтың, медициналық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынык, ЮНИСЕФ және ЮНФПА-ның қатысуымен әзірленді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тұжырымдаманы іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және халық денсаулығын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...