Түркістан облысында ұзындығы 143 шақырымнан астам ирригациялық желіні реконструкциялау жобасы басталды

Түркістан облысында ұзындығы 143 шақырымнан астам ирригациялық желіні реконструкциялау жобасы басталды
Түркістан облысына жұмыс сапары аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Ордабасы ауданында министр ұзындығы 26,15 шақырымды құрайтын «Найман» каналының реконструкция жұмыстарымен танысты. Бүгінде нысанды бетондау жұмыстары толық аяқталған. Жоба аясында канал бойында 75 гидротехникалық нысан салу да қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 98%-ға орындалды.

Отырар ауданының аумағында Нұржан Нұржігітов Арыс өзенінен суармалы егіншілікке су беруге арналған «Қызылту» сорғы станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта нысанға орнатылатын үш жаңа сорғы сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Арыс ауданында 143,4 шақырым ирригация желісін реконструкциялау жобасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жоба 8281,7 гектар суармалы жерді суару суымен қамтамасыз етуге бағытталған. Нұржан Нұржігітов мердігер ұйым басшыларымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік базасында болды.

«Былтырғы вегетация кезеңі климат өзгеріп жатқан жағдайда суды дұрыс басқарудың маңызын айқын көрсетті. Жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қолда бар су ресурстарын, соның ішінде су шығынын азайту арқылы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін құжат әзірлеуден бастап, құрылыс пен нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмысқа толық бақылау қамтамасыз етілуі қажет», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен,...