Жоба ең кең қамтылған өңірлер қатарында Шымкент қаласы – 100-ге жуық беру ұйымы, Қарағанды облысы – 190-нан астам, Павлодар облысы – шамамен 110 ұйымды қамтиды. Оқушылармен жұмысқа құқық қорғау органдарында қызмет еткен тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылған. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.
Пилоттық кезең Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде өткізіліп, 9 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Мониторинг нәтижелері бойынша буллинг пен кибербуллинг жағдайлары 18%-ға төмендегені, мінез-құлық тәуекелі төмен оқушылар үлесінің 31,9%-ға артқаны, сондай-ақ баса назар аударуды қажет ететін жасөспірімдер санының 30%-ға азайғаны анықталды.
Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Заң және тәртіп» жобасы республика бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба білім алушылардың заңға бағыну мәдениетін және жауапкершілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

