Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі мемлекеттерінің сот-сараптамалық мекемелерінің желісі (TFSN) құрылды

Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі мемлекеттерінің сот-сараптамалық мекемелерінің желісі (TFSN) құрылды

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

TFSN-нің мақсаты — қатысушылар арасында ынтымақтастық пен үйлестіруді дамыту, заманауи сот-сараптамалық тәжірибелерді жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және институционалдық өзара іс-қимылды кеңейту.

TFSN желісі 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Әділет министрлерінің бірінші отырысының Астана декларациясы негізінде құрылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ